Үш қазақстандық боксшының Иордания жерінде басталған Азия чемпионатындағы қарсыластары нақты анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Негізі жеребе кеше тартылған еді. Біздің үш боксшы алғашқы айналымнан автоматты түрде өтіп, турнирді екінші кезеңнен бастайды.
Енді Азия чемпионатының ширек финалында Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Кумар Спаршпен кездесу өткізеді. Кумар бірінші айналымда қырғызстандық Нұржігіт Дуйшебаевтан айласын асырды.
Әлемнің күміс жүлдегері Серік Теміржанов (57 келі) болса түркіменстандық Ихлас Гылычжановпен кездеседі. Ал Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) жапониялық Шунсуке Китамотаомен жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, бұл үш боксшымыз да шаршы алаңға ертең, 2 қараша күні шығады.