Бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 2022 жылғы алғашқы турнирін Тайландта өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Тайландтағы Thailand Open турнирі 1 және 10 сәуір аралығыда өтеді. Аталған жарыста Бибосыновтан бөлек өткен жылы әлем біріншілігінде бағын сынаған бірнеше қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.
"Азия чемпионатына баруы мүмкін деген негізгі құрамның боксшылары Тайландта жұдырықсатады. Болгариядағы турнирде 75 келіде Нұрқанат Райысты сынап көрдік. Енді алдағы турнирде Тимур Нұрсейітовті тексеріп көреміз", - деді бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.
Сонымен қатар, бұл жарысқа Серік Теміржанв (57 келі), Санатәлі Төлтаев (63 келі), Асыланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Айбек Оралбай (91 келі) қатысады.