Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өз жарыстарында боксшыларға сақал қоюға рұқсат берді, деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның баспаөсз қызметіне сілтеме жасап.
Алайда сақалдың қандай болу керегі техникалық және жарыс ережелерімен реттелмек. Бұл шешім бірнеше ай бұрын қабылданды.
"Боксшы сақал немесе мұрт қоя алады, алайда ол мойынға түсіп, оны жаппау керек және 10 сантиметрден аспау міндет", - делінген ұйым хабарламасында.