Бокс
Бүгін 09:53
 

Садриддин титулды айқасқа жету үшін не істеу керегі айтылды

  Пікірлер

blog.share

Садриддин титулды айқасқа жету үшін не істеу керегі айтылды ©IG/photosbynancylares

Қазақстандық спорт комментаторы Данияр Каримжан бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Садриддин Ахмедовтың (15-0-1, 13 KO) әлем чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық спорт комментаторы Данияр Каримжан бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Садриддин Ахмедовтың (15-0-1, 13 KO) әлем чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахмедовты жиі "Жаңа Головкин" деп атайды, себебі ол да Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчеспен жаттығады және промоутер Том Леффлермен жұмыс істейді.

Садриддин дұрыс бағытта

"Егер Геннадий Головкиннің чемпиондық жолын еске түсірсек, ол да бірден танымал қарсыластармен емес, орта деңгейлі боксшылармен жұдырықтасып, біртіндеп жоғары көтерілді. Менің ойымша, Ахмедовтың командасында нақты жоспар бар және олар келесі бір-екі жыл ішінде оны чемпиондық белбеуге жеткізе алады.

Ол үшін Садриддинге медиялық белсенділікті арттыру қажет, әсіресе АҚШ-та: подкасттарға қатысу, ақпарат кеңістігінде жиі көріну, өзін жан-жақты көрсету. Бұл бағытта ол дұрыс жұмыс жасап жатыр - ағылшын тілін меңгеріп, қазірдің өзінде еркін сөйлей алады", — деді Sportnews.kz сарапшысы.

Ахмедов кейінгі айқасын 19 сәуір АҚШ-та мексикалық Элиас Эспадаспен өткізді. Кездесу барлық он раундқа созылып, күтпеген жерден тең аяқталды.

Головкин атын тарихқа жазған

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 42 жеңіске жетіп, оның отыз жетісін нокаутпен аяқтаған. Сонымен бірге, Головкин екі рет жеңілген және бір тең түскен айқас бар. GGG орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Сонымен қатар, Головкин орта салмақ тарихында нокауттар бойынша ең жоғары пайызға жетіп, Гиннес рекордтар кітабына енген. Ол чемпиондықты қорғау саны бойынша да Бернард Хопкинстің рекордын жаңартқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!