Бірінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Богачук (25-2, 24 KO) 17 мамыр күні АҚШ-тың Коммерс қаласында рингке оралады. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Майкл Фокс (24-4, 5 KO) болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Биылдыққа бірінші айқас
Бұл жекпе-жек Богачук үшін биылдыққа алғашқы кездесуі болмақ. Украиналық кейінгі рет былтыр желтоқсан айында рингке шығып, ұлыбританиялық Ишмаэль Дэвисті (13-2, 6 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңді.
Фокс болса қараша айында жұдырықтасып, төрешілер шешімімен кубалық Яинель Альваресті (3-7-2, 1 KO) жеңген.
Садриддин Ахмедовті қауіпті нокаутшыға қарсы шығармақ
Жекпе-жек туралы ресми түрде белгілі промоутер Том Леффлер әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.
Айта кетейік, Леффлер бұрын Геннадий Головкиннің ісін жүргізген, ал қазіргі таңда АҚШ-та GGG-ге теңеп жүрген тағы бір қазақстандық – Садриддин Ахмедовпен жұмыс істейді.
Жарнама