Бокс
22 сәуір 15:29
 

Садриддин Ахмедовті қауіпті нокаутшыға қарсы шығармақ

  Пікірлер

blog.share

Садриддин Ахмедовті қауіпті нокаутшыға қарсы шығармақ ©G/sadriddin_____soq

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке (15-0-1, 13 КО) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 КО) жекпе-жектен кейін жаңа қарсылас табылды, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке (15-0-1, 13 КО) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 КО) жекпе-жектен кейін жаңа қарсылас табылды, деп хабарлайды Vesti.kz

Еске салайық, АҚШ-тың Коммерс қаласында өткен жекпе-жек он раунд толық өтіп, тең аяқталды. Бұл жакнйүерлер мен сарапшылар үшін күтпеген жағдай болды. Өйткені осыған дейін Ахмедов 15 жекпе-жегінің бәрінде жеңіп, оның он үшін нокаутпен аяқтаған. 

Сарапшылар пікірі мен жаңа қарсылас

Бокс сарапшылары Садриддинді атақты Геннадий GGG Головкинге (42-2-1, 37 КО) теңеп жүр. Мамандар Ахмедовке жақсы қарсылас болатын боксшының есімін атады. 

"Ахмедов - орта салмақты он жыл қорқынышта ұстаған ұлы Геннадий GGG Головкинмен салыстырып жүрген тағы бір қазақстандық панчер. Әзірге Садриддинде ондай техника жоқ болғанымен, соққысының күші ғаламат. 

Бұл Ахмедов үшін өте тығыз бірінші орта салмақтағы кезекті сынақ. 360 Promotions өз қатарында топ қарсылас бар - украиналық Сергей Богачук, ол бір жыл бұрын Вергил Ортисті жеңіп кете жаздаған еді", - деп жазады TSS.

Серей Богачук деген кім?

Украиналық Серей Богачук (25-2, 24 KO) бірінші орта дивизиондағы мықты нокаутшылардың бірі. Оның жеңісінің барлығы дерлік нокаутпен аяқталған, тек біреуі ғана толық өтті. Қазіргі таңда ол WBC рейтингінде екінші және WBO тұжырымы бойынша сегізінші тұр.


Садриддин қазіргі таңда GGG-дің бұрынғы командасымен жұмыс істейді: бапкері Абель Санчес, ал промоутері Том Леффлер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!