Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 КО) тең өткен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ахмедовтің айтуынша, ол айқастың ортасына таман қолын жарақаттап алыпты."Бұл айыр жекпе-жек болды. Бесінші не алтыншы раундта мен қолымды сындырып алдым. Не болғанын нақты білмеймін, бірақ, бокс деген осы. Эспадас - өте мықты қарсылас. Екеуміз қайта кездесу керекпіз деп ойлаймын. Осы жекпе-жек үшін кешірім сұрағым келеді", - дейді Ахмедов.
"Қазылар бар - шешімді солар шығарады. Бірақ меніңше, жарақатыма қарамастан мен жақсы жекпе-жек көрсеттім".
АҚШ-та Ахмедовты атақты Геннадий Головкинмен жиі салыстырады, өйткені Садриддин қазір GGG-дің бұрынғы командасымен жұмыс істейді: бапкері Абель Санчес, ал промоутері Том Леффлер.