Бокс
3 ақпан 17:26
 

Садриддин Ахмедов 16 нокауты бар мексикалықпен айқасады

  Пікірлер

blog.share

Садриддин Ахмедов 16 нокауты бар мексикалықпен айқасады ©instagram.com/sadriddin_____soq/

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

blog.share

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз 19 сәуір күні мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. Промоутер Том Леффлер ұйымдастыратын бокс кеші Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Садриддин бұған дейінгі жекпе-жегін 13 желтоқсан күні Калифорнияда өткізіп, америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

Элиас Эспадас та желтоқсанда жекпе-жекке шыққан. Рамон Барахас (14-40, 4 КО) есімді боксшыны екінші раундта нокаутпен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!