67 келіде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаев бокстан Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалына өтті.
1/4 финалда Санатәлінің қарсыласы Нұржан Амангелді болды.Бұл айқаста жеңіске жеткен Төлтаев жартылай финалға өтіп отыр.
Санатәлі - жастар арасында Азия чемпионы (2017) және жастар арасында Спорттық ойындардың жеңімпазы (2017), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2017), ал бір жылдан кейін ел чемпионы атанған (2018), ересектер арасында Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2019).
Еске салайық, бұған дейін осы салмақта Сабырхан Төрехан да жарытлай финалға жеткен болатын.