"Сабап тастаймын". Қазақ боксшы WBC чемпионын айқасқа шақырды

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Еелусінов (12-0, 7 КО) жартылай орта салмақта WBC титулына ие америкалық Марио Барриосты (29-2-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды.
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Еелусінов (12-0, 7 КО) жартылай орта салмақта WBC титулына ие америкалық Марио Барриосты (29-2-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды.
"WBC чемпионы Марио Барриос өткен демалыста тым нашар жұдырықтасты. Абель Рамоспен тең ғана айқасты, оның үстіне жекпе-жек ортасында бір рет нокдаунға түскен адаммен.
Марио, мен сені сабап тастаймын. Кел айқасайық. Қайда болса да. Кез келген уақытта. Олимпиада чемпионы WBC чемпионына қарсы. Жанкүйерлерге нағыз шоу сыйлайық!" - деп жазыпты Данияр Instagram желісінде.
Жарнама