Бокс
29 мамыр 2020 10:06

"Сабақ болған соққылар". Ауыр салмақта экс-чемпион Головкиннен көп дүние тоқып алғанын айтады

Сурет: Allboxing
Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Мурат Гассиев (26-1, 19 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) бірге жаттығудың көп көмек болғанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Боксшылар бірнеше жыл америкалық бапкер Абель Санчестің Big Bear лагерінде жаттыққан. Гассиевтің сөзінше, сол кезде ол көп дүниені тоқып алған екен. 

"Генамен ешқашан спарринг өткізбедік. Салмақтарымыз әртүрлі. Біз қатар тұратынбыз, сосын ол маған түрлі комбинация мен соққыларды көрсететін. Бұл соққылар маған сабақ болып, кейін өте көмектесті", - дейді ресейлік боксшы Instagram желісіндегі эфир кезінде жанкүйерлер сұрақтарына жауа беріп.