Бокс
18 қазан 09:48

"Рингте аман қалуды ғана ойлап жүргім келмейді". Головкинді айқақса шақырған чемпион Жәнібектен қашып жүр

©instagram.com/nolimit_aus

Орта салмақтағы британиялық боксшы кіші Крис Юбенк (34-3, 25 КО) болашағына қатысты жоспарын айтты. Ол жақын арада жұдырықтасатын боксшыларды атады, бірақ сол күйі Жәнібектен Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) қашып отыр. 

"Канело Альваерспен қыркүйектегі жекпе-жегінде айқасайық деп ұсындым. Бірақ онымен келісімшарттың іскерлік жағынан келісімге келе алмадық. Одан жақсы ұсыныс болмады, оның үстіне ұзақ үзілісім бар, ақыры болды асықпайын деп шештім. Аштан өліп бара жатқан жоқпын ғой, дұрыс па? Артық бір-екі миллион үшін рингте аман қалуды ғана ойлап, жанталасып жүргім келмейді. Мен жеңгім келеді. Үлкен табыс көргім келеді. Бірінші Конор Беннді сабағым келеді, одан кейін Эрисланди Лараның титулын алып аламын, содан кейін барып Канеломен шығуға болады", - деп береді Юбенктің сөзін vRINGe.com.

Айта кетейік, 13 қазанда Крис Юбенк польшалық Камил Шереметаны нокаутпен жеңіп, орта салмақта IBO чемпионы атанды. 

Еске салайық, осыған дейін Жәнібек Юбенкті бірнеше рет айқасқа шақырған, алайда британиялық боксшы қазақстандықты атақты емес деп сылтауратып жүр. Ал былтыр ол Геннадий Головкинді жекпе-жекке қоймай шақырған еді. Бір қызығы Головкин дүркіреп тұрған шағында Юбенк Геннадиймен жекпе-жекке шықпай қойған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport