Рингке бірден он қазақ боксшы шығады. ӘЧ-дегі ширек финалдық айқастарға тікелей көрсетілім
Бүгін, 2 қараша Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан құрамасынан рингке бірден он боксшымыз шығады.
Бүгін, 2 қараша Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан құрамасынан рингке бірден он боксшымыз шығады.
18:00-де басталатын күндізгі сессияда бес боксшымыз өнер көрсетеді. Теміртас Жүсіпов (48 келі) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовпен, Махмұд Сабырхан (51) бразилиялық Майкл Тринидадпен, Саматәлі Төлтаев (60) франциялық Софьян Умиамен, құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67) моңғолиялық Чинзориг Баатарсухпен, ал Нұрқанат Райыс (75) италиялық Сальваторе Кавалларомен жұдырықтасады.
23:00-дегі кешкі сессияда Сакен Бибосынов (51) колумбиялық Юберхен Мартинеспен, Серік Теміржанов (57) ресейлік Эдуард Саввинмен, Санатәлі Төлтаев (63,5) шотландиялық Риз Линчпен, Асыланбек Шымбергенов (71) украиналық Юрий Захареевпен, ал Нұрбек Оралбай (80) Сербия өкілі Владимир Мирончиковпен жартылай финалға жолдама үшін сынға түседі.
Qazsport жекпе-жектің барлығын тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.
Жарнама