Софиядағы "Странджа" мемориалының соңғы күнінде қазақстандық Валентина Хальзова Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келідегі финалдық айқаста қазақстандық боксшы ресейлік Галина Головченкомен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Хальзова ресейліктен басым түсті.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына Махмұд Сабырхан мен Назым Қызайбай алтын салды, сонымен қоса, төрт күміс жүлде бар.
Айта кетейік, осы жарыста соңғы қазақ боксшы Сағындық Тоғамбай (86) украиналық Сергей Горсковпен алтынға таласады.