Ресейлік чемпион қазақ боксшыны ӘЧ-де басты қарсылас есептейді

Ресейдің бес дүркін және Еуропаның екі дүркін чемпионы Юлия Чумгалакова 8 бен 16 наурыз аралығы Сербияда өтетін IBA-ның әйеледр арасындағы әлем чемпионатына дайындық туралы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Былтыр Үндістанда өткен ӘЧ-де 48 келіде өнер көрсететін Чумгалакова 1/8 финалда Алуа Балқыбековадан жеңілген еді. Енді биыл ол жүлде үшін Назым Қызайбаймен таласқа түскелі тұр.
"Чемпионатта жұдырықтасуымыз мүмкін қарсыластарымды алдын ала қарап аламын. Басты қарсылас қазақстандық қыз - Назым Қызайбай. Мықты спортшы, әлемнің екі дүркін чемпионы және Олимпиаданың қола жүлдегері. Ол бұрын 50 келіде еді, енді менің салмағыма - 48 келіге түсіпті", - деп береді Чумгалакованың сөзін Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Жарнама