Ресейлік боксшы Айдос Ербосынұлының орнына басқа қарсылас тауып алды
Супер орта салмақта IBF ұйымының чемпионына міндетті қарсыласты анықтау үшін өткізілетін жекпе-жекте ресейлік Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) отандасы Владимир Шишкинмен (12-0, 7 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды vRINGe.com.

Шишкиннің ісін жүргізетін Дмитрий Салита (Salita Promotions) 355 мың доллар ұсынып, промоутерлік сауданы ұтып алды. Шведенконың командасы 277 мың ұсынды. Қалай болғанда да гонорардың басым бөлігін (60 пайызын) Евгений алады.
Бұл кездесу тамызда өтеді деп күтілуде. Айта кетейік, Шведенко әу баста қазқастандық Айдос Ербосынұлымен айқасу керек болған. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшы коронавируске шалдығып, титул үшін жұдырықтасу мүмкіндігінен айрылып қалды.
Жарнама