Бокс пен ММА туралы жазатын vRINGe.com порталы Токиода суперауыр салмақтағы боксшылардан Олимпиадада кім жеңіске жететініне болжам жасады.
"Суперауыр салмақта өзбекстандық Баходир Джалолов - 75 келідегі Хижняктың деңгейіне жақын боксшы. Тіпті бірдей десе де болады. Әрине, хэвивейттегі ерекшелігімен, мұнда бәріңіз білетін бір дүние бәрін шешіп кетуі мүмкін.
Әлем чемпионы, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, соның ішінде, 2021 жылы да. Ал кәсіпқойдағы рекорды 8-0, 8 КО. Джалолов осы Олимпиадада жеңеді, егер басты қарсыластарының бірі бұрын көрсетпеген дүниемен таңдандырып, өзінен асып түспесе. Немесе қандай да бір оқыс жағдай болмаса.
Мұндай қарсылас кім болуы мүмкін? Теориялық тұрғыда - франциялық Мурад Алиев және әзербайжандық Мухаммад Абдуллаев, соған қоса, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев. Ал практикалық тұрғыда - басталғанын күтіп, өз көзімізбен көреміз", - деп жазады басылым.