Бокс
21 шілде 2021 10:16
 

Ресейлік басылым Қамшыбектің Олимпиадада өзбекстандық нокаутшыны жеңу мүмкіндігін бағамдады

  Пікірлер

blog.share

Ресейлік басылым Қамшыбектің Олимпиадада өзбекстандық нокаутшыны жеңу мүмкіндігін бағамдады Сурет: ҚБФ

Бокс пен ММА туралы жазатын vRINGe.com порталы Токиода суперауыр салмақтағы боксшылардан Олимпиадада кім жеңіске жететініне болжам жасады. 

blog.share

Бокс пен ММА туралы жазатын vRINGe.com порталы Токиода суперауыр салмақтағы боксшылардан Олимпиадада кім жеңіске жететініне болжам жасады. 

"Суперауыр салмақта өзбекстандық Баходир Джалолов - 75 келідегі Хижняктың деңгейіне жақын боксшы. Тіпті бірдей десе де болады. Әрине, хэвивейттегі ерекшелігімен, мұнда бәріңіз білетін бір дүние бәрін шешіп кетуі мүмкін. 

Әлем чемпионы, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, соның ішінде, 2021 жылы да. Ал кәсіпқойдағы рекорды 8-0, 8 КО. Джалолов осы Олимпиадада жеңеді, егер басты қарсыластарының бірі бұрын көрсетпеген дүниемен таңдандырып, өзінен асып түспесе. Немесе қандай да бір оқыс жағдай болмаса. 

Мұндай қарсылас кім болуы мүмкін? Теориялық тұрғыда - франциялық Мурад Алиев және әзербайжандық Мухаммад Абдуллаев, соған қоса, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев. Ал практикалық тұрғыда - басталғанын күтіп, өз көзімізбен көреміз", - деп жазады басылым.

Жарнама

Живи спортом!