Қазақстан құрамасының боксшысы Фарух Тоқтасынов Ресейде өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
71 келі салмақта қазақстандық боксшы өзбекстандық Асилбек Абдурахмоновпен кездесіп, Тоқтасынов 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылай, қазақ боксшы ширек финал кезеңінде жарысты аяқтап отыр.
Бұл жарыстағы алғашқы айқасында Фарух ринг қожайыны Дмитрий Захаровты жеңген болатын.