Сербиядағы әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының он боксшысы өнер көрсетеді. Ал топ-5 тізімде Ресей, Өзбекстан және Куба бар. Толығырақ Vesti.kz материалында.
Турнирдің ширек финалына 40 команда өкілі шықты. Ал Қазақстан бірінші орында келеді. Ресей құрамасында сегіз боксшы, одан кейін Өзбекстан, АҚШ және Куба алты спортшыдан.
Әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жеткен елдер:
1. Он боксшы - Қазақстан (4+6).
2. Сегіз - Ресей (4+4).
3-5. Алтаудан - Куба (2+4), Өзбекстан (4+2) және АҚШ (2+4).
5-7. Бестен - Үндістан (4+1) және Тайланд (1+4).
8. Төрт боксшы - Әзірбайжан (3+1).
9-15. Үштен - Франция (2+1), Бразилия (2+1), Жапония (2+1), Түркия (2+1), Сербия (1+2), Италия (1+2) және Қырғызстан (2+1).
16-21. Екі боксшыдан - Англия (2), Моңғолия (1+1), Грузия (1+1), Армения (1+1) , Эквадор (1+1) және Беларусь (1+1).
22-42. Бір боксшыдан - Венесуэла (1), Доминикан республикасы (1), Финляндия (1), Иордания (1), Албания (1), Барбадос (1), Литва (1), Иран (1), Украина (1), Бельгия (1), Польша (1), Испания (1), Тринидад және Тобаго (1), Болгария (+1), Мексика (+1), Хорватия (+1), Германия (+1), Колумбия (+1), Шотландия (+1), Молдова (+1) мен Ирландия (+1).