Бес салмақта әлем чемпионы болған бокс аңызы Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) ең мықты рекордпен мақтана алмайтын болды. Атақты Рокки Марчиано бокстан 49-0 рекордымен кеткен еді, 62 жыл өте 2017 жылы Мейвезер бұл көрсеткішті жаңартып, 50-0 жетістігімен карьерасын аяқтаған еді.
Алайда 21 маусым Тайландта 34 жастағы ең төмен салмақта WBC чемпионы Ванхенг Менайотин 54-0 (18 КО) статистикасымен боксшы карьерасын тоқтатты.
Тайлық боксшы Флойдтың жетістігінен 2018 жылы асып түскен, бірақ, ары қарай жұдырықтаса берді. Ол кезде Менайотин алдағы жекпе-жектердің бірінде жеңіліп, рекорды бұзылуы мүмкін еді. Дегенмен олай болмады.
Әлбетте Мейвезер қарсыластар деңгейі мен бірнеше салмақта чемпион болғандығымен Менайотиннен қайда жоғары тұр. Дегенмен тайлық боксшы тарихта өз атын қалдырды.