Бокс
22 маусым 2020 10:48
 
Рекордын құлатты. Тайландық боксшы Мейвезердің жетістігінен асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Рекордын құлатты. Тайландық боксшы Мейвезердің жетістігінен асып түсті Сурет: allboxing.ru

Бес салмақта әлем чемпионы болған бокс аңызы Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) ең мықты рекордпен мақтана алмайтын болды. Атақты Рокки Марчиано бокстан 49-0 рекордымен кеткен еді, 62 жыл өте 2017 жылы Мейвезер бұл көрсеткішті жаңартып, 50-0 жетістігімен карьерасын аяқтаған еді. 

Алайда 21 маусым Тайландта 34 жастағы ең төмен салмақта WBC чемпионы Ванхенг Менайотин 54-0 (18 КО) статистикасымен боксшы карьерасын тоқтатты. 

Тайлық боксшы Флойдтың жетістігінен 2018 жылы асып түскен, бірақ, ары қарай жұдырықтаса берді. Ол кезде Менайотин алдағы жекпе-жектердің бірінде жеңіліп, рекорды бұзылуы мүмкін еді. Дегенмен олай болмады. 

Әлбетте Мейвезер қарсыластар деңгейі мен бірнеше салмақта чемпион болғандығымен Менайотиннен қайда жоғары тұр. Дегенмен тайлық боксшы тарихта өз атын қалдырды.

Жарнама

Живи спортом!