Белгілі The Ring журналы қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) өнер көрсететін жартылай орта салмақтағы ең мықты боксшылар рейтінгін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұрын бұл тізімде сегізінші болған Жүкембаев алғашқы ондықтан шығып қалды, ал оның орнына пуэрториколық Сабриэль Матиас (17-1, 17 КО) орналасты. Қазақстандық кейінгі жекпе-жегінде осы боксшыдан жеңілген еді.
Ал чемпиондық белбеу Джош Тейлорда (18-0, 13 KO).
The Ring журналының толық рейтингі:
1. Реджис Прогрейс (АҚШ).
2. Хосе Рамирес (АҚШ).
3. Хосе Сепеда (АҚШ).
4. Виктор Постол (Украина).
5. Арнольд Барбоза (АҚШ).
6. Иван Баранчик (Беларусь).
7. Марио Барриос (АҚШ).
8. Сабриэль Матиас (Пуэрто-Рико).
9. Шохжахон Эргашев (Өзбекстан).
10. Роберт Истер (АҚШ).