Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой Мейірім Нұрсұлтановтың (14-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мейірім 6 қараша Ақтаудағы бокс кешінде рингке шығады. BoxRec мәліметінше, оның қарсыласы белоруссиялық Дмитрий Атрохов (16-11, 7 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Нұрсұлтанов үшін бұл ADAL Promotions аясындағы бірінші айқас. Бұған дейін оның ісін Main Events компаниясы жүргізген.
Мейірім кейінгі рет Екатеринбургте (Ресей) жұдырықтасып, жергілікті Илья Баландинді төрешілер шешімімен жеңген. Ал Атрохов 25 маусым Сочиде ресейлік боксшы Сергей Воробьевтан (13-1, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.