Boxingnews24.com порталының шолушысы Брайан Уэббер орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясының жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Top Rank компаниясы Әлімханұлының міндетті қорғауына қарсылас ретінде жеңілмеген британиялық Хамза Ширазды қоюды жоспарлап отырғаны белгілі болды.
"Амеркиалық жанкүйерлер Ширазды танымса керек, сондықтан олар Жәнібектің онымен жұдырықтасқанына қуана қоймас".
Осы себепті Уэббердің пайымынша, Жәнібектің атын алдымен Ұлыбританияда шығармақ, ал кейін АҚШ-та.
"Top Rank жасап жатқан бұл амал Әлімханұлын алдымен Ұлыбританияда танымал етпегін білдіреді, осыдан кейін АҚШ-та да осылай істемек", - дейді сарапшы.