Қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) ісін жүргізетін Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек туралы ойын айтты, деп хабарлайды FIGHTER CHANNEL телеграм арнасы.
Оның сөзінше, егер Головкин "Канелодан" жеңіле, бұл оның соңғы айқасы болады.
"Канело" мен Головкиннің әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін трилогиясы керемет айқас болмақ. Головкин не бар, не жоқ болады. Егер ол жеңілсе, бұл оның соңғы жекпе-жегіне айналады", - дейді Хирн.