"DAZN туралы жақында жаңалық болады. Естігеннің бәріне сене бермеңіздер. Жұма күні жекпе-жектер кестесін талқылау үшін кездесу өткіземіз. DAZN-мен ешандай қиындық жоқ. Мен пост жазған сайын миллиондаған бот DAZN құлдырап барады, DAZN анау, DAZN мынау деп жазады. Біз жұмада алдағы жекпе-жектерді талқылаймыз", - деп мәлімдеді Хирн.
"Канело" мен Головкин платформасы боксшылар гонорарын қиып тастамақ
Мұның алдында БАҚ DAZN пандемия салдарынан бокс кештері өтпей қалуына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болғанын хабарлаған. Сәуірде 2700 адам жұмыс атқаратын компания қызметкерлер санын азайтуға мәжбүр болды. Ал DAZN-ның басты инвесторы миллиардер Леонид Блаватник қаржыны үнемдеуге шақырған еді.
Еске салайық, 2018 жылы Matchroom басшысы Эдди Хирн DAZN платформасымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшартқа қол қойды, ол бойынша промоутер жылына 32 шоу өткізуі міндет. Осыдан кейін стриминг қызметіне орта салмақтың басты жұлдыздары қосылды - мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) 365 миллионға бес жылда 11 жекпе-жек өткізеді, ал қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) - 100 миллионға үш жылда алты жекпе-жек.