Промоутер Головкиннің Еуропа чемпионымен жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге қатысты мәлімдеме жасады
© Matchroom Boxing
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі сәуірден ерте өтпейді. Бұл туралы ESPN басылымына промоутер Эдди Хирн мәлімдеді.
Бастапқыда Головкин жекпе-жегі 29 сәуірге жоспарланған болатын, кейін бірнеше себепке байланысты 28 наурызға ауыстырылды. Ал өтетін орын ретінде Чикагодағы Wintrust Arena мен Инглвудтегі Forum аренасы қарастырылған.
Енді Хирннің ақпаратынша, бокс кеші 11 сәуірде өтеді. Сонымен қоса, жекпе-жек әлі де Қазақстанда өту ықтималдығы бар.
"Талқылап жатқанымыз осы мәселе. Әзірге ештеңе шешілген жоқ, бірақ, жекпе-жек Қазақстанда өту мүмкін", - дейді Matchroom Boxing басшысы.
Дегенмен мұның алдында RingPolska басылымы Эдди Хирннің Головкин - Шеремета жекпе-жегін Қазақстанда өткізу талпынысы сәтсіз болғанын хабарлаған еді.

Жарнама