Промоутер Головкиннің болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкиннің карьерасына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкиннің карьерасына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкин қандай шешім қабылдайтынын көреміз. Қазір ол үзіліс алып, отбасымен демалып жатыр. Кезінде ол ең белсенді чемпион болды, енді үзіліске да лайық. Бәрін өзі шешеді.
Белбеулерден бас тартып, Головкин орта салмақта біраз есіктерді ашып берді. Бірақ бұл оның бокстан кеткенін білдірмейді. Әзірге жоспарлары туралы ештеңе естімедік, дегенмен бұл оның карьерасын аяқтады деген сөз емес. Ол атақты боксшылардан ұсыныс күтіп отыр. Чемпиондығын сонша рет қорғап, "Канеломен" үш айқастан кейін ол мүмкіндігінше ең мықты жекпе-жектер өткізгісі келеді. Оның әлі де көрсетері бар. Былтыр Муратамен не істегенін қараңыздар - Жапонияға барып тұрып оны нокаутқа түсірді", - дейді Леффлер Pro Box TV арнасына берген сұхбатында.
Жарнама