Промоутер Головкинге үш титул сарапқа салынатын жекпе-жек ұйымдастырмақ
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта IBF және IBO титулына ие қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (30-0, 18 KO) арасында жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті.

Бұл туралы Хирн DAZN Boxing Show порталына берген сұхбатында мәлімдеді. Соған қоса, промоутер Андрадені орта дивизионның өзге чемпионы - Джермалл Чарломен (WBC) жұдырықтастырғысы келеді.
"Деметриуске негізінен Геннадий Головкинмен немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек ұйымдастырып беруге бар назар салынып жатыр. Ал GGG-дің бар көңілі желтоқсанда Риота Муратамен айқаста тұр, бірақ, біз оған дейін жекпе-жек өткіземіз деп ойлаймын", - дейді Хирн.
Алайда Головкиннің мұндай жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жоқтың қасы, өйткені Андраде рингке тек қазанда оралады.
Жарнама