Бокс
3 қыркүйек 2018 08:59
 
Промоутер Головкинді жекпе-жек алдында Қазақстан мен Мексика әнұрандары орындалмауын сұрады деп айыптады

  Пікірлер

blog.share

Промоутер Головкинді жекпе-жек алдында Қазақстан мен Мексика әнұрандары орындалмауын сұрады деп айыптады Сурет: vk.com/gggboxing сайтынан

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасы жекпе-жек алдында әнұрандар орындалмауын сұраған деп мәлімдеді. Бл туралы Villainfy Media порталына сілтеме жасап Boxing News and Views басылымы хабарлап отыр.

Де Ла Хойяның сөзінше, мұндай ұсынысты Головкиннің командасы айтқан. Алайда ол мәселенің мән-жайын түсіндірмеді. 

"Тыңдаңыздар, олар бұл ақымақтықты қою керек. Олар елдерін қолдамай ма? Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында әнұрандар орындалмасын дейді. Бұл бокстың салты. Чемпиондық жекпе-жектер алдында әнұранның орындалуы - жасалуы керек рәсім. Бұл өзіңді үлкен бір оқиғаның бөлшегі ретінде сезіндіреді.

Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында Қазақстан, Мексика мен АҚШ әнұрандары орындалғанын қаламай тұр. Тағы қандай талап қояды? Құдайым-ау, енді жекпе-жекті де өткізбейтін шығармыз? Жәй ғана бар да, жұдырықтассаңшы!" - дейді Де Ла Хоя. 

Жарнама

Живи спортом!