Ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері британиялық Тайсон Фьюридің (31-0-1, 22 КО) промоутері Фрэнк Уоррен осы дивизионда әлемнің бұрынғы чемпионы Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) мен WBA, IBF, WBO және IBO титулына ие украиналық Александр Усик (19-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты.
"Эдди Хирн айтады, Тайсон Фьюри Ұлыбританияда лицензия ала алмайды екен. Қай ғаламда өмір сүреді? Мүмкін емес дүние ғой.
Одан да Хирн тапсырылған жекпе-жекті дұрыс өткізсін. Усик пен Джошуа айқасын. Джошуа бұл кездесуді қалай ма? Ол бұл жекпе-жектен қашу үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Джошуа рингке шыға ма, жоқ па?
Қарымта өтіп, Джошуа Усикті жеңе алмаса, ауыр салмақта оның аты өшеді. Ары қарай не істейді?", - дейді Уоррен.