Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO белбеулері үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өтуі ықтимал орынды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен IBF титулы үшін жұдырықтасатынын жария етті
"Жекпе-жек Чикагода өту ықтималдығы жоғары, сондықтан, шетелде поляктар көп болады", - дейді боксшы TVP арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шеремета 5 қазанда өткен Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасқан.
Польшалық IBF ұйымының қазандағы рейтингінде көш бастайды да, қазақстандыққа тиесілі чемпиондық титулға міндетті қарсылас атанады деп күтілуде.
Бокс
11 қазан 2019 13:55
"Поляктар көп болады". Еуропа чемпионы Головкинмен титулды жекпе-жек өтетін орынды атады
© Fightnews.info