Бокс
29 қыркүйек 2020 17:39

Пакьяо МакГрегормен жекпе-жекке келісті. Гонорарын Филиппин халқына көмекке жұмсайды

Сурет: MSN.com
Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегормен рингке шығуға келісті. Бұл туралы Пакьяоның көмекшісі Джек Джонсон мәлімдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат".


"Пакьяо МакГрегормен жұдырықтасатын болып шешті. Ал гонорардың басым бөлігін Мэнни Филиппин халқына көмек ретінде жұмсайды, коронавирустан зардап шеккендерге", - деп береді Джонсонның сөзін Bloody Elbow.

Айта кетейік, жаздың басында МакГрегор тағы да карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Ал жуырда UFC президенті Дана Уайт Конор үшін қызықты ұсыныс дайындап жатқанын хабарлады.

МакГрегор карьерасында бокс ережесі бойынша бір кездесу өткізген - 2017 жылдың тамыз айында Флойд Мейвезермен жұдырықтасып,10 раундта нокаутпен жеңіліп қалды.