Орта салмақта екі титулға ие Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) Астанадағы бокс кшеінде нокаутқа түсірді. Жәнібектің бұл айқасы туралы шетеолдік басылымдар да жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік "Чемпионат" поратлының авторы Жәнібек ары қарай да осындай әлсіз қарсыластармен жұдырықтаса берсе, чемпиондармен бетпе-бет келгенде үлкен қиындықтарға тап болады.
"Әлiмханұлының кезекті сенімді жеңісі оған чемпиондық белбеулерін сақтауға мүмкіндік берді. Дегенмен, мұндай "мөшектерді" ұра берудің арты қиын болу мүмкін. Жәнібек әлі де өз деңгейіне сәйкес келмейтін қарсыластармен жұдырықтасып жүр. Мұнда көп нәрсе айтуға болады, себебі Жәнібек бірнеше рет Лара мен Адаместі жекпе-жекке шақырған, бірақ олар келіспеді. Басқа чемпиондар мен танымал боксшылар қазақстандықтан қашып жүр, ал Жәнібек орта деңгейдегі боксшылармен жұдырықтасуға мәжбүр. Бұл оның дамуына кедергі келтіріп, алдағы уақытта нағыз мықты қарсыласпен кездеспесе, үлкен жекпе-жектердің тәжірибесінің жетіспеушілігі теріс әсер етуі мүмкін.
Оның өзінде де кінә бар. 2024 жылдың жазында ол Михайловичпен жекпе-жек алдында салмақ түсіре алмады. Әрине, кездесу күзде өтті, бірақ Жәнібек промоутерлерінің көңілін қалдырған ұқсайды, осы себепті ол атақты қарсыласымен кездесу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен, Әлiмханұлы жеңістерін жалғастырып, мұны сенімді жасайтындықтан, оны көзге ілмей қою мүмкін емес. Сондықтан Жәнібек үлкен жекпе-жектерге жақын, сол кезде ол қалай жұдырықтасатыны қызық болады".
Жарнама