Бокс
28 қазан 2022 08:39

Өзін ақтау ма? "Канело" Биволмен айқас алдында ауыр жарақат алғанын айтты

©Box News

Екініш орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр дивизионда WBA титулына ие ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жек алдында білек жарақатынан қиналғанын айтады. 

"Калеб Плантпен айқас өткен былтырғы қарашадан бері жайсыздық болды. Жекпе-жек алдында мән бермедім, ойым: ештеңе етпес, кейін емдеп аламыз дедім. Бірақ жағдай ушыға берді. Маған операция қажет еді. Айқас кезінде осыған байланысты өзімді өте нашар сезіндім. Бұл сынық емес, бірақ, білекте ауыр жарақат бар", - деп береді Альварестің сөзін BoxingScene.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport