- Штеледе қазақстандықтар көп қой - Америкада. Еуропада жігіттер бар. Бірақ онда қиындау. Головкин мен Ломаченко сияқты бәріне жақсы промоутер жолыға бермейді.
- Екеуі де соққысы ауыр боксшы, айтарлықтай агрессия да бар.
- Бізде боксшылар мықты. Олар өздерін мойындатады. Бәрі жекпе-жек санына келіп тіреледі, промоутер жақсы жүргізу керек, жақсы кездесулер ұйымдастыру қажет. Жеті рет жеңіп, 11 рет жеңілген қарсылас бермей... Біздің жігіттерге осындайларды тықпалайды. Неге солай екенін? Ондай дұрыс емес.
Промоутерің мықтылығы неде? Ол шоу өткізеді, телевидениемен келісімшарты бар. Жарнама берушілері болады. Ол көрермендер жиналатындай жар салу керек. Мәселен, қазір Головкин мен "Канело" жекпе-жегін жабық өткізсе, ондай мықты болмайды ғой. Бұл жерде бәрін кешенді түрде қарастыру қажет.
- Олимпиадалық бокста жігіттердің өздері ойлағандай жолы болмаған шығар, бірақ, осындай таланттар кәсіпқойда адасып кетсе де обал ғой.
- Әрине. Біз де жанкүйерміз. Өздерін мойындатқанын қалаймыз.
22 жастағы Азия чемпионы бокстан Қазақстан құрамасынан кеткенін мәлімдеді