Бокс
10 наурыз 2020 11:04

Өзбестаннан асып түсті. Қазақстанның жеті бірдей боксшысы лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты

© olympic.kz
Бүгін, 10 наурыз Амманда (Иордания) 2020 Олимпиадаға жолдама ойнатылатын турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Финалға шығу үшін Қазақстан құрамасынына ерлер арасында жеті боксшы өнер көрсетеді: Закир Сафиуллин (63 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69), Василий Левит (91), Серік Теміржанов (57), Әбілхан Аманқұл (75), Бекзад Нұрдәулетов (81г) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+91).

Қазақстанға өкшелеп келе жатқан басты бәсекелес Өзбекстан құрамасынан алты боксшы: Шахобиддин Зоиров (52), Ельнур Абдураимов (63), Бобо-Усмон Батуров (69), Санжар Турсунов (91), Миразизбек Мирзахалилов (57), Баходир Жалолов (+91).

Қазақстан астанасының уақытымен 15:00-де күндізгі сессияда рингке Сафиуллин, Жүсіпов пен Левит шығады.

21:00-дегі кешкі сессияда Теміржанов, Аманкқұл, Нұрдәулетов пен Қоңқабаев, сондай-ақ, Надежда Рябец рингке шығады.