Өзбектен шыққан Олимпиада чемпионы сынға қалды

Британиялық бокс кеңесінің (BBBofC) инспекторы Дэн Фрост жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы өзбекстандық Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) келесі қарсыласына қатысты ойын айтты.
Британиялық бокс кеңесінің (BBBofC) инспекторы Дэн Фрост жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы өзбекстандық Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) келесі қарсыласына қатысты ойын айтты.
Джалолов кәсіпқойдағы келесі айқасын 6 ақпан Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Қарсылас франциялық Давид Спилмонт (16-8-1, 11 КО).
"Джалоловқа кәсіпқойда шынымен мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізу қажет, әсіресе Олимпиада алтынын екі рет алған боксшы ретінде. Ал мынандай деңгейдегі қарсыластар ештеңе бермейді", - деп жазыпты Фрост твиттерде.
Жарнама