Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Джалолов (10-0, 10 KO) кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
90 келіден жоғары салмақта сынға түсетін өзбек боксшы бұл жолы польшалық Камил Соколовскиден (11-26-2, 4 КО) айласын асырды.
Дубайдағы (БАӘ) айқаста Джалолов екінші раундта қарсыласын құлатса, бесінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Соколовски рефериге кездесуді жалғастыра алатынын айтқанымен, төреші шешімін өзгертпеді.
Еске салайық, Джалолов әуесқойлар арасында Азияның үш дүркін (2017, 2019, 2021) чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2019 жылы әлем чемпионы атағын иеленген.