Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан "Жібек жолы" атты халықаралық турнирінде жартылай финалдық айқастар өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Финал үшін қазақстандық боксшылар да айқастыЖартылай финалда өнер көрсеткен тоғыз ер боксшымыздан фианлға тек үшеуі өтті. Соның ішінде Өзбекстан боксшыларымен үш жекпе-жек өтіп, екеуінде қазақстандықтар басым болды.
Қыздар арасында да тоғыз боксшымыздан үшеуі ғана финалға өтті. Екі жеңіс нокаутпен аяқталды.
1/2 финал нәтижелеріЕрлер
48 кг. Нұрғиса Тұрабеков 0:5 Субхан Мамедов (Әзірбайжан);
54 кг. Жандәулет Сарсенбаев 0:5 Максим Кузнецов (Ресей);
54 кг. Бағлан Кенжебек 4:1 Шахзод Музаффаров (Өзбекстан);
57 кг. Ерхан Тұрдан - Эдуард Саввин (Ресей) - қазақ боксшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты;
67 кг. Дулат Бекбауов - Наби Исгандаров (Әзірбайжан) - қазақ боксшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты;
67 кг. Асылхан Көшербай - Евгений Кооль (Ресей) - үшінші раундта ресейлік техникалық нокаутпен жеңді;
71 кг. Нұрбек Мұрсал 5:0 Сардор Абдумуталиев (Өзбекстан);
75 кг. Санжарәлі Бегалиев 4:1 Амин Кушхов (Ресей);
86 кг. Дәурен Мамыр 0:5 Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан).
Қыздар
48 кг. Гүлназ Бөрібаева 0:5 Лия Патлай (Ресей);
50 кг. Елянур Тұрғанова 0:5 Сабина Бобокулова (Өзбекстан);
52 кг. Анжа Садвакасова 5:0 Валерия Линькова (Ресей);
52 кг. Томирис Мырзақұл 0:5 Зейнаб Рахимова (Әзірбайжан);
54 кг. Элина Базарова - Бахия Ибрахимова (Әзірбайжан) - Базарова бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді;
54 кг. Сымбат Әлиасқар 0:5 Дарья Пантелеева (Ресей);
57 кг. Виктория Байдукова - Айнур Микайлова (Әзірбайжан) - Байдукова үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді;
70 кг. Азиза Исина 0:5 Ангелина Витова (Ресей);
81+ кг. Дина Исламбекова 1:4 Айнур Рзаева (Әзірбайжан).