Қазақстанның ерлер командасынан бір ғана боксшы жарыстан шығып қалды. Осылайша, еліміздің құрамасында Өзбекстан командасынан бір спортшы артық. Ал үшінші орында Үндістан және Тайланд. Жартылай финал 16-17 қарашада өтеді.
Жартылай финалға қатыстатын спортшылар саны бойынша рейтинг:
ерлер арасында
1. Қазақстан - тоғыз боксшы;
2. Өзбекстан - сегіз;
3-4. Үндістан және Тайланд - төрттен;
5-6. Корея, Қырғызстан және Жапония - үштен;
7-8. Қытай және Моңғолия - екіден;
9-10. Тайпей және Ирак - бір боксшыдан.
қыздар арасында
1. Үндістан - сегіз қатысушы;
2. Моңғолия - жеті;
3-4. Қазақстан және Өзбекстан - алтыдан;
5. Тайланд және Қытай - бестен;
6-8. Жапония, Корея және Тайпей - бір спортшыдан.