Өзбекстаннан асып түсті. Қазақстан бокстан Азия чемпионатын жеңіп алды
Араб әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазқастан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші болды.
Араб әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазқастан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші болды.
Қазақстандық боксшылар 15 алтын, 11 күміс және 15 қола жүлде жеңіп алды. Екінші орында Өзбекстан, оларда 14 алтын, 11 күміс және 8 қола. Үшінші орында Үндістан - 12 алтын, 13 күміс және 18 қола.
2010-2011 жылғы бойжеткендер арасында Нұрайым Құдайберген (49 кг), Айлин Ходжамбердиева (58 кг), Аяулым Оспанова (61 кг), Диана Надырбек (70 кг) чемпион атанды.
Күміс алғандар: Әсел Джалимбекова (35 кг), Лашын Дәулетжан (40 кг), Арина Оразымбет (52 кг), Балым Ғабитқызы (55 кг), Мадина Нұрманова (64 кг), Кәусар Сангумбай (70 келіден аса).
Қола жүлдегерлер: Әнел Ордабек (33 кг), Тахмина Аласбек (37 кг), Милана Иншина (40 кг), Аружан Тілбай (43 кг) және Кымбат Ғабидолла (67кг).
Ал 2010-2011 жылы туған бозбалалар арасында Абылай Досымбеков (35 кг), Бекхан Оразбаев (40 кг), Жұмағали Нұрмұхан (43 кг), Әмір Мұхит (46 кг), Нұрислам Оналбек (52 кг), Әдбімансұр Жақсылық (55 кг), Төрехан Қанатбай (64 кг), Мансұр Амантай (70 кг) чемпион болды.
Алимран Алиев (61 кг) күміс алды, ал Али Абдикамал (33 кг) және Жәдігер Мұсали (70 кг) қола жүлдегер атанды.
2008-2009 жылы туғандар арасында 63 келіде Алина Құдайгенова Азия чемпионы атанды.
Күміс жүлдегерлер:
48 келі. Айым Танкибаева
60 келі. София Ващенко
75 келі. Зарина Толыбай
+80 келі. Сабина Жақсылық.
Қола жүлдегерлер:
46 келі. Мадира Жұмахан
52 келі. Жамиля Болатбекқызы
57 келі. Айғаным Қадырхан
66 келі. Айсұлу Мұхит
70 келі. Камила Оспанова
80 келі. Айдана Убайдұллақызы.
Бұл жастағы бозбалалар арасында Тимур Тайбеков (75 кг), Ерубай Тұрлыбай (80кг) чемпион болды, ал Ақжүрек Қалабай (60 кг) және Владислав Саможонов (80 келіден аса) қола жүлде иеленді.
Жарнама