Бокс
9 сәуір 09:19
 

Өзбекстаннан асып түсті. Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 13 алтын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстаннан асып түсті. Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 13 алтын жеңіп алды ©

Қазақстан құрамасы Түркістанда өткен Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде керемет нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасы Түркістанда өткен Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде керемет нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Египед, Сауд Арабия, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам кіл мықты боксшылар келіп, апта бойында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Бұл жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар барлық 13 салмақта алтын жеңіп алды.


Чемпион болғандар:

Нұрхан Құмарбеков (48 кг), Досымжан Таңатар (51 кг), Алдияр Бахадүр (54 кг), Дархан Үсен (57 кг), Әділет Тортубек (60 кг), Мұхит Нұқкабылұлы (63,5 кг), Сұлтан Тұрдалы (67 кг), Ризат Тұрсынбек (71 кг), Жасұлан Бердалы (75 кг), Игорь Соловьев (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (86 кг), Расул Асанханов (92 кг) және Владислав Саможонов (92+ кг). 

Бұрымдылар арасындағы жарысқа Қазақстан боксшылары алты салмақта өнер көрсетті. Мұнда еліміздің спортшылары екі алтын жеңіп алды: Жанел Имантаева (57 кг) және Айсұлу Мұхит (66 кг).

Осылай жүлделік есепте Қазақстан бірінші болды. 

Төрт ел құрамалары бір алтыннан алды: монғолиялық Лхам Цендбаатар (50 кг), қырғызстандық Милана Шихшабекова (54 кг), Қытай боксшысы Адите (60 кг) және өзбекстандық Зухро Рустамова (63 кг).

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!