Бокс
14 сәуір 11:16
 

Өзбекстанмен екі айқас: Қазақстандық жеті боксшы Бакудегі турнирдің 1/2 финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстанмен екі айқас: Қазақстандық жеті боксшы Бакудегі турнирдің 1/2 финалына өтті ©

Әзірбайжан астанасында өтіп жатқан бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирінде ширек финал айқастары өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Әзірбайжан астанасында өтіп жатқан бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирінде ширек финал айқастары өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финал үшін қазақстандық боксшылар да айқасты. 

Біздің боксшыларымыздың нәтижелері келесідей:

Бұрымдылардан Гүлназ Бөрібаева ғана жартылай финалға жетті. Ал ерлерден келесі кезеңге алты боксшы өтті - Ерхан Тұрдан, Дулат Бекбауов, Асылхан Көшербай, Нұрбек Мұрсал, Өнер Сейілхан және Санжарәлі Бегалиев.

Айта кетейік, 1/4 финалдық кезеңде Ерхан өзбекстандық Собиржон Тастановты таза жеңді. Ал Ерболат Сабыр өзге өзбекстандық Нодирбек Аллабергановтан жеңілді. 92 келіде Данияр Раxимбердинов Әзірбайжан атынан өнер көрсететін кубалық Лорен Берто Альфонсо Домингестен таза жеңілді - 0:5.

1/4 финал нәтижелері:

Бұрымдылар
48 кг. Ақбота Болат 0:5 Анаха Исмаилова (Әзірбайжан)
48 кг. Роксана Гасымова 0:5 Жасмин Тахирова (Өзбекстан)
48 кг. Гүлназ Бөрібаева 3:0 Карина Фейзулина (Ресей)
57 кг. Шахназ Исаева 2:3 Дарья Абрамова (Ресей)
+81 кг. Әсел Тоқтасын 0:5 Ксения Олифиренко (Ресей)

Ерлер
51 кг. Рамазан Нұрлыбаев 0:5 Нижат Хусейнов (Әзірбайжан)
57 кг. Ерболат Сабыр 2:3 Нодирбек Аллаберганов (Өзбекстан)
57 кг. Ерхан Тұрдан 5:0 Собиржон Тастанов (Өзбекстан)
67 кг. Дулат Бекбауов 5:0 Заур Гахраманов (Әзірбайжан)
67 кг. Асылхан Көшербай 3:2 Вугар Мамедов (Әзірбайжан)
71 кг. Нұрбек Мұрсал Эскерхан Мадиевті (Грузия) айқассыз жеңді, қарсылас айқасқа шықпады
75 кг. Өнер Сейілхан ринг қожайынын жеңді - Сейджамшид Жафаровты (Әзірбайжан), жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды
75 кг. Санжарәлі Бегалиев 5:0 Исломбек Тургунов (Қырғызстан)
75 кг. Мақсат Өтегенов 0:5 Амин Кушков (Ресей)
92 кг. Данияр Раxимбердинов 0:5 Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзірбайжан).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!