Бүгін, 8 мамырда үш қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингіне Махмұт Сабырхан шығады (54 келі). Қарсыласы венгриялық Иштван Шака.
19:00-де басталатын кешкі сессияда Б рингінде 48 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай шаршы алаң қожайыны Шодиер Меликузиевпен айқасады.
Кешкі сессияның А рингіндегі оныншы жұпта 86 келіде Сағындық Тоғамбай да өзбекстандық боксшы Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Qazsport жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасынан төрт боксшы жарыстан шығып қалды. олар Сәкен Бибосынов, Талғат Сырымбетов, Санатәлі Төлтаев және Айбек Оралбай.