Өзбекстандық нокаутшы әлем чемпионы атағы үшін айқасқа шығады
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жартылай жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағы үшін жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жартылай жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағы үшін жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Енді британиялық Ли Вуд (27-3, 16 КО) өзбекстандық үміткер Отабек "Брюс Ли" Холматовпен (11-0, 10 KO) жұдырықтасуы тиіс.
27 мамыр Манчестерде (Англия) Вуд мексикалық Маурисио Ларамен қарымта өткізіп, титулды өзіне қайтарған. Енді ол 26 қыркүйекке дейін қорғау өткізу қажет.
WBA келіссөз өткізу үшін тараптарға 30 күн уақыт берді. Егер боксшылар 29 маусымға дейін келісе алмаса, WBA промоутерлік сауда белгілейді.
Дегенмен Холматовпен жекпе-жекке шықпау үшін Вуд белбеуден бас тартуы мүмкін екенін жасырмады. Мұның орнына ол отандасы Джош Уоррингтонмен (31-2-1, 8 КО) айқасқысы келеді.
Жарнама