"Өзбекстандық Головкин" экс чемпионмен айқасқа шықпайтын болды: себебі белгілі
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы өзбекстандық Исраил Мадримов (10-1-1, 7 КО) WBC титулының бұрынғы иегері украиналық Сергей Богачукпен (24-2, 23 КО) жекпе-жекке шықпайтын болды.
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы өзбекстандық Исраил Мадримов (10-1-1, 7 КО) WBC титулының бұрынғы иегері украиналық Сергей Богачукпен (24-2, 23 КО) жекпе-жекке шықпайтын болды.
Бұл айқас 21 желтоқсан Сауд Арабиясында өтетін Александр Усик (22-0, 14 КО) пен Тайсон Фьюри (34-1-1, 24 КО) қарымтасының кардында өту керек болған.
Исраил Мадримов жекпе-жекке неге шықпайтыны айтылды:
"Дәрігерлер Исраил Мадримов өткір бронхитпен сырқаттанып, 21 желтоқсандағы Богачукқа қарсы айқасқа шыға алмайды. Мадримовтың орнын британиялық боксшы Ишмаэль Салас басады, ал Исраил қалыпқа келіп, 22 ақпандағы Ортисқа қарсы кездесуге дайындалады", - деп жазыпты әлеуметтік желіде Сауд Арабиясы Ойын-сауық бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх.
Айта кетейік, Мадримовты белігіл промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкинге теңеген болатын.
Жарнама