Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті. Чиангмайдағы турнирде оның шешуші айқаста қарсыласы өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев болды.
71 келідегі айқаста Жүсіпов бірінші раундта басымдық танытты, алайда кейінгі екі раундта өзбек боксшы артықшылығын көрсете алды. Осылай Абылайхан қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.