Өзбекстанда Олимпиада чемпионының кіші ӘЧ-дегі сенсациялық жеңілісін түсіндірді

Өзбекстандық Upl.uz порталы екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың Странджа кубогі-2025 турниріндегі сенсациялық жеңілісне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өзбекстандық Upl.uz порталы екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың Странджа кубогі-2025 турниріндегі сенсациялық жеңілісне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дусматов кіші әлем чемпионаты аталатын турнирдегі бірінші жекпе-жегінде франциялық Кристофер Гиппократтан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осыған байланысты баспа бұл жеңілістің негізгі себептерін тізіп берді
Өзбек бокс мектебіне ауыр соққы
"Хасанбой Дусматовтың жуырдағы жеңілісі спорт қауымдастығында дау тудырды. Кейбір комментаторлар бұл оқиғаны сенсация және өзбек бокс мектебіне ауыр соққы деп атауға асықты. Алайда жағдайдың мән-жайын сараптау бұл жағдайға басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Бірінші фактор, ол Олимпиададан кейінгі кезең болғанын есепке алу керек. Хасанбой Дусматов Парижде екінші алтынын жеңіп алды. Олимпиадаға дайындық физикалық және психологиялық ресурстың барынша концентрациясын талап етеді. Бұл шараға дайындықта бабының шыңға жетуі одан кейінгі уақытта міндетті түрде ыдырайтыны белгілі. Ал бабыңды ұзақ уақыт сақтап тұру физиологиялық түрде мүмкін еместігі анық.
Салмақты ауыстыру да әсер етті
Екінші маңызды мәселе - салмақ дәрежесін ауыстыру. Олимпиаданың бірінші алтынын Дусматов Рио-де Жанейрода 49 келдіе жеңіп алған, ал Парижде 51 келіде. Странджа кубогінде боксшы 54 келіде өнер көрсетті. Оның Токиода жаңа салмақта өнер көрсетіп, жүлдесіз қалуы осы фактордың маңыздылығын нықтай түседі.
Үшінші аспект - спортшының жасы
Хасанбой Дусматов 31 жаста. Өзбекстанның бокс мектебі өте мықты болса да бір ғана спортшымен шектелмейді. Ол үнемі дамып, жаңа таланттарды тәрбиелейді. Шыдамдылық танытып, жас спортшыларға өзін көрсетуге мүмкіндік беру маңызды. Осыдан жеке бір жеңілісті драмаға айналдырудың қажеті жоқ", - делінген мақалада.
Жарнама